![Алматы әуежайында вакцинациялау пункті ашылды](/media/2021/09/14/9b62ab38-48c3-4983-bfee-2817914ae81e.jpeg)
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қаулысына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайы №32 қалалық емханамен бірлесіп вакцинациялау пунктін ашты.
Қала тұрғындары мен қонақтары терминалдың бірінші қабатында орналасқан медпунктте QazVac немесе Sinovac вакцинасын салдыра алады.