Экономика • 14 Қыркүйек, 2021

Биыл мемлекет бюджетіне 7 триллион теңгеден аса кіріс түскен

22 рет көрсетілді

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке жеті триллион теңгеден аса қаржы түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік бюджетке кіріс 7 триллион 139 миллиард теңге сомасында түсті, жоспар 105,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке кіріс 4,6 триллион теңге сомасында түсті, жоспар 100,7 пайызға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 30 миллиард теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар 17 миллиард теңгеге артығымен орындалды», деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі сома ҚҚС, ПҚӨС, КТС салықтарынан түскен.

«Бұл ретте шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне және Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты шикі мұнайға ЕТЖ жоспары орындалмады. Импортқа ҚҚС бойынша жоспардың орындалмауы импорт көлемінің төмендеуіне байланысты. 2021 жылдың 7 айында үш ел былтырғымен салыстырғанда 6,7 пайызға немесе 875 миллион долларға, оның ішінде 2021 жылдың шілдесінде 26 пайызға немесе 645 миллион долларға өсті», деп қосты министр.

Салыққа жатпайтын түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар мен өндіріп алулар есебінен орындалған.

«Жергілікті бюджеттердің кірістері 115 пайызға орындалып, 2 триллион 547 миллиард теңге болды. Жоспар 332 миллиард теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салық бойынша - 280 миллиард теңге. Барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды»,  деп түйіндеді Қаржы министрі.
Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Мың бір домбыра үні

Білім • Бүгін, 09:13

Жарым көңіл балаларға барды

Аймақтар • Бүгін, 09:11

Жайық бойындағы жарасым

Қазақстан • Бүгін, 09:08

SpaceX дағдарыс алдында

Әлем • Бүгін, 09:04

Аyala-ның аялы алақаны

Аймақтар • Бүгін, 09:01

Тұрғындар белсенді емес

Қоғам • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар