Экономика • 14 Қыркүйек, 2021

Ерболат Досаев Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Досаев Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады

«Ұлттық қордың активтері биылғы тамыздың соңында 56,9 млрд АҚШ доллары болды. Тамызда 396 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 845 млн АҚШ доллары сатылды. Тамызда Ұлттық қорға түскен түсімдер – 420 млрд теңге», дейді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, тамызда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасып, 316 млн доллар болған. Тамыз айында акциялардың 431 млн долларға немесе 2,52%-ға өсуі облигациялар мен алтын бағасының төмендеуіне байланысты туындаған шығындарды жауып кеткен.

«Жыл басынан бері Ұлттық қордың инвестициялық кірісі акциялар нарығында өсіп, 2,3 млрд доллар немесе 4,11% болды», деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін инфляцияның қай деңгейге баратынын болжады.