Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Әлемде эпидахуал тұрақсыз – Цой

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлемде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Әлемде эпидахуал тұрақсыз – Цой

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19-бен ауру және өлім-жітім бойынша жағдай тұрақсыз. Жалпы әлемде КВИ-мен ауырудың 224 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелген. 4,6 млн-нан астам адам қайтыс болды.

ДДСҰ Еуропа аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 26 елде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

«Соңғы 7 күнде аурудың ең көп өсуі Венгрияда байқалды, онда бір апта ішінде ауыру 100%-дан астам өсті, Украинада, Польша мен Молдовада 60%-дан 80%-ға дейін, Австрияда, Германияда және Беларусьте 30%-дан 50%-ға дейін, Черногорияда, Арменияда және Израильде 8%-дан 20%-ға дейін», деді А. Цой.

Оның айтуынша, ауырудың өсуі Испанияда 60%-ға, Францияда 40%-ға, Грузияда 39%-ға, Әзербайжанда 16%-ға, Италияда 13%-ға, Швейцарияда 12%-ға және Ресейде 9%-ға төмендеді. Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдықтың өсуі 35%-ға төмендеді.