Өзбекстан президенттігіне үміткерлер:
Либерал-демократиялық партиядан - қазіргі Президент Шавкат Мирзиёев;
Экологиялық партиядан - оның жетекшісі Нарзулло Обломурадов;
Халықтық демократиялық партиядан - партия жетекшісінің орынбасары Мақсуд Варисов;
«Адолаттан» («Әділет») - оның басшысы Бахром Абдухалимов;
«Милли Тикланудан» («Ұлттық жаңғыру») - оның жетекшісі Әлішер Қадыров президенттікке үміткерлкр қатарында.
Көрші елде мемлекеттік (өзбек) тілін жетік білетін және сайлауға дейін кемінде 10 жыл Өзбекстанда тұрақты тұратын 35 жастан кем емес азамат президент болып сайлана алады.
Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Президент бола алмайды. Өзбекстанда Президент сайлауы әр бес жыл сайын өтеді. Соңғы рет сайлау 2016 жылдың желтоқсанында өткізілгенде, сол кезде премьер-министр болған Мирзиёев жеңіске жетті.