Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Ауғанстаннан әлі де кетіп жатқандар бар – БҰҰ

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан тұрғындары елдегі зорлық-зомбылық көрсеткіші төмендегеніне қарамастан, әлі де үйлерін тастап кетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстаннан әлі де кетіп жатқандар бар – БҰҰ

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Антонио Виторино Ауғанстанда құрлық шекарасынан өтетіндер саны артқанын айтты.

«Өткен аптада халықтың қозғалысына қатысты шұғыл тергеуді бастадық, қақтығыстар саны азайғанына қарамастан, әлі де кетіп жатқандар бар. Ауылдық жерлердегі экологияның бұзылуы нәтижесінде, негізінен, қалалық жерлерге көшу деңгейі артқаны тіркелді», деді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) көші-қон агенттігінің басшысы.

Ол шекаралас елдерге баратын ауғандар санының көбеюі «жаппай кету» емес, көбіне бейресми бағыттар, сондықтан қадағалау қиын екенін айтты.

Бұған дейін БҰҰ-ға мүше елдер Ауғанстанға гуманитарлық көмек үшін 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде бергені айтылған еді.