Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Тәліптер Ауғанстанның ұлттық батырының бейітін қалпына келтірді

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан қозғалысы» (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) Ауғанстанның ұлттық батыры Ахмад Шах Масудтың бейітін қалпына келтірді, деп жазады Egemen.kz.

Тәліптер Ауғанстанның ұлттық батырының бейітін қалпына келтірді

Фото: WikiCommons

«Талибан» қабірді тәліптер қорламағанын айтады. Олардың айтуынша, мұны ұлттық батырды ұнатпайтын адамдар жасаған. Енді қабір қалпына келтірілді. Бұл туралы Sputnik Ауғанстан жазады.

Мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін тәліптер қабірдегі қауіпсіздікті күшейткенін хабарлады.

7 қыркүйекте тәліптердің Ауғанстанның ұлттық батыры Ахмад Шах Масуд қабірінің әйнегін сындырғаны белгілі болды.