Спорт • 14 Қыркүйек, 2021

Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы қабылдады

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы және оның анасы әрі ресми өкілі Орал Өтешованы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Жүздесу барысында Ақтоты Райымқұлова шахматшыны 12 шілде мен 6 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Əлем Кубогының ширек финалына шығып, үздік сегіз шатматшының қатарына кіруімен құттықтады.

Өз кезегінде Динара Сәдуақасова министрге өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» кітабын сыйлады.