Президент • 14 Қыркүйек, 2021

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау жалғасып жатыр

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған жоба аясында 2019 жылы 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазым бойынша қызметке орналасты, деп жазады Egemen.kz Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау жалғасып жатыр

«Мемлекет басшысы алғашқы тәжірибенің тиімді жақтарын ескере отырып, жас кадрлар резервіне қатысты бастаманы жалғастыру туралы шешім қабылдағаны белгілі.

Осы орайда, жобаға қатысуға құжат қабылдау жүріп жатқанын айта кету керек. Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген әрбір жас азамат қатыса алады.

Іріктеу қорытындысы бойынша биыл 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне алынады.

Барлық ақпаратпен Pkrezerv.gov.kz сайтынан танысуға болады.

Ел ертеңі үшін қызмет етем деген жастарды осы жобаға қатысуға шақырамыз!», деп жазды Берік Уәли фейсбукте.