Тағайындау • 15 Қыркүйек, 2021

ШҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Дидар Кеңесбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Дидар Мұхтарбекұлы 1984 жылы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инженер мамандығы бойынша білім алды.

2006 жылдан бастап құрылыс саласында түрлі қызмет атқарды. 2015 жылы мемлекеттік қызметке кірген.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.

2018-2019 жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған бөлімнің басшысы болып еңбек етті.