Экономика • 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда күріш пен бидай қымбаттады

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкі тамыз айындағы инфляциялық үрдістер туралы ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда күріш пен бидай қымбаттады

Инфляция әсерінен Қазақстанда азық-түлік, құрылыс материалдары, тұрғын үй жалдау, газбен жабдықтау бағасы өсті.

«Азық-түлік өнімдерінің өндірісі жылдық мәнде 14,4%-ға қымбаттады, тамызда ет-сүт, ұн, жарма мен макарон өнімдерінің бағасы өсті. Бұған ел ішінде де, шетелде де сатып алынатын шикізат пен ресурстарға, сондай-ақ өндіріс құралдарына бағаның тұрақты өсуі себеп болды.

Ауыл шаруашылығы өнімі тамыз айында 0,7%-ға, жылдық мәнде 14,2%-ға қымбаттады. Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерінен құс еті мен жұмыртқа бағасының өсуі жалғасты. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінен тамыз айында күріш пен бидайдың қымбаттауы тіркелді», деп жазылған хабарламада.