Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

Иран-Ауғанстан әуе рейстері қалпына келді

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Ауғанстанға коммерциялық рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран-Ауғанстан әуе рейстері қалпына келді

Бұл туралы араб тілінде хабар тарататын «Al-Alam» Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлады. 

Осылайша, Талибан билік басына келгеннен бері бірінші рет Ираннан коммерциялық рейсті орындаған ұшақ Кабулдағы Хамид Карзай халықаралық әуежайына қонды. 

Ирандық Mahan Air ұшағы 19 жолаушысымен Мешхедтен Ауғанстан астанасына ұшып келді. Ұшақта Ауғанстанға тағайындалған ирандық дипломаттар болды. 

Еске сала кетейік, Тәліптер 15 тамызда президент Ашраф Гани Ауғанстаннан кеткеннен кейін Кабулды қоршап, ұрыссыз иеленген еді.