Парламент • 16 Қыркүйек, 2021

Н.Нығматулин ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Нығматулин ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Парламент өкілдері де шақырылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше