Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

Путин Ауғанстандағы жағдай туралы: аймақ елдері үшін қауіп бар

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығару шешімі өте асығыс қабылданғанын жеткізді. Билікке «Талибан» келген соң ҰҚШҰ елдерінің ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Путин Ауғанстандағы жағдай туралы: аймақ елдері үшін қауіп бар

«ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы ахуал жай ғана тұрақсыз емес, өңір үшін қатер бар деуге болады», деп мәлімдеді Ресей Президенті Владимир Путин.

«Ұйымға мүше мемлекеттердің шекарасында жағдай тұрақсыз ғана емес, біздің азаматтар үшін қатер төніп тұр», деді ол.

Путин коронавирусқа байланысты өз-өзін оқшаулаған болатын. Ол жиынға видеоконференция форматында қатысты. 

Бүгін Душанбеде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының отырысы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отырысқа тікелей қатысып отыр.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон отырысты ашқан кезде Тәжікстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы ұжымдық қауіпсіздік аймағы төтенше сын-қатерлерге тап болған кезеңмен тұспа-тұс келгенін айтты.