Саясат • 16 Қыркүйек, 2021

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау ережесіне өзгеріс енгізілді

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 651 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерді ротациялау ережесіне өзгеріс енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау ережесіне өзгеріс енгізілді

Егер ҚР Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, лауазымына енді тағайындалған мемлекеттік қызметші кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана ротацияға ұшырайды.

Бұл ретте Мемлекет басшысының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынысы бойынша қабылдануы мүмкін.

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «Мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған оның бұрынғы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап бір жыл ішінде жол берілмейді», деп жазылған Жарлықта.