Ыстамбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның презентациясы өтті. Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркия Теңге сарайының директоры Абдуллаһ Ясир Шахин, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Күмістен соғылған монетаның дизайнын Теңге сарайымен бірлесіп әзірлегендіктерін айтқан Бас консул Әлім Байел онда еліміздің терең тарихы мен Түркі әлемінің қара шаңырағы ретіндегі ролін айқындағандықтарын айтты.
Елші Абзал Сапарбекұлы монетаның бауырлас Түркияның қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі тойына жасаған ерекше сыйы ретінде түрік елінің Қазақстанға деген ыстық ықыласының белгісі екендігін мәлімдеді.
Өз кезегінде, Абдуллаһ Ясир Шахин өзі басқарып отырған Түркия Республикасы Теңге сарайының 1467 жылдан бастау алатынын айта келе, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына осындай тарту жасаудың өздері үшін үлкен қуаныш екендігін жеткізді.
Монетаның бет жағында Қазақстанның мемлекеттік туы мен түрікше «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы» жазуы орын алған. Сырт жағының ортасында Қазақстанның картасы бейнеленген. Картаның ішінде латын әріптерімен қазақша «Qazaqstan» деп жазылған. Сондай-ақ, картада қазақ жеріндегі бірқатар тарихи мемлекеттердің атаулары түрікше жазылған. Атап айтқанда, олар: сақтар, ғұндар, Түрік қағандығы, Алтын Орда мен Қазақ хандығы. Реверстің үстіңгі жағында Орхон-Енисей ескерткіштеріндегідей көне түркі жазуымен «Түрік» деп жазылған. Астыңғы жағында қошқармүйіз оюы бейнеленген.
31 грамм күмістен құйылған және құны әлдеқайда жоғары монетаның номиналды бағасы 30 түрік лирасы. Ә. Байел әдетте мұндай монеталардың 20 лиралық номиналға ие болатынын, алайда түрік тарапының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан үшін бұл ережені өзгерткендігін айтты.
Естелік монета Түркия Теңге сарайының ресми сайтында сатылымға шығады. А. Сапарбекұлы мен Ә. Байел шектеулі санмен шыққан монетаның отандық, түрік және әлемдік коллекционерлердің үлкен қызығушылығына ие болатынына деген сенімдерін білдірді.
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар