Үкімет • 16 Қыркүйек, 2021

Президенттің арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Президенттің арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы айтты.

Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ бостандығы, азаматтық қоғамды қолдау, сот реформасы, әйелдер мен мүгедектердің құқықтарын ілгерілету жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы серіктестік қатынастар жақсы дамып келеді, сондай-ақ, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасуда.