Былтыр желтоқсан айында Спорт арбитраж соты (CAS) Ресей басшыларына Олимпиадаға және әлем біріншілігіне екі жыл бойында қатысуға тыйым салған. Мәскеу антидопинг зертханасына жеке мәліметтерді өзгертті деген айып тағылған болатын.
«Бұдан бөлек CAS шешіміне сәйкес, екі жыл қатарынан ресейлік спортшылар халықаралық жарыстарға Ресей туын көтеріп қатыса алмайды. Ресей әнұранын орындауға да тыйым салынған», деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.