Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс тұрғынының Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау фактісін анықтады.
Сот тыйым салған аудиоматериалдарды деструктивті діни ағымның жақтаушысы, Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны ВКонтакте парақшасында сақтаған.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дайындау, сақтау, әкелу, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 40 838 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.