Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

Өскеменде суицид жасамақ болғандардың саны артқан

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде жыл басынан бері 16 жасөспірім өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде суицид жасамақ болғандардың саны артқан

Қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, биыл кәмелет жасына толмағандар арасында суицид жасамақ болғандар саны артты.

Өткен жылы осындай 5 факті тіркелсе, осы жылы 16 бала өзіне қол салғысы келді. Статистика деректері көрсеткендей, мұндай қадамға көп жағдайда 13-16 жас аралығындағы қыздар бармақ болған.

«Алты жасөспірім қолын тілсе, тағы алтауы дәрі ішкен. Үш бала асылып қалмақ болса, біреуі биіктен секірді. Абырой болғанда, олардың бәрі аман қалды. Аталған фактілердің әрқайсысы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына (өз өзіне қол жұмсауға итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған», деді ПБ бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.