Әлем • 17 Қыркүйек, 2021

Беларусь елі алғаш рет Ұлттық бірлік күнін атап өтуде

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Президенті Александр Лукашенко беларустарды Ұлттық бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусь елі алғаш рет Ұлттық бірлік күнін атап өтуде

«Ұлы Отан соғысындағы шығындардың азабын, 90-шы жылдардың күйреуін, бүгін мемлекетке қарсы басталған гибридті агрессияны бастан өткере отырып, біз жүрегімізде ешқашан берілмейтін және құрбан етуге болмайтын нәрсені сақтадық. Бұл біздің ел - Беларусь, соның арқасында біз бір ұлт болып қаламыз», деді А. Лукашенко. 

Мемлекет басшысы бұл мемлекеттік мереке Беларусьте алғаш рет тойланып жатқанын айтты.