Оқиға • 17 Қыркүйек, 2021

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар 4-қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды», деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жағдай алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды.