Теннис • 17 Қыркүйек, 2021

Екі спортшымыз халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қарағандыдағы халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық екі спортшы беделді турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Екі спортшымыз халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Көшбасшылар қатарында Сарвиноз Миркадирова мен Айя Алимбаева бар.

1/8 финал кезеңінде Миркадироваға өзбекстандық Мехринисо Норкулова қарсылас болды. Екі спортшы да шеберлік жағынан бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен қазақстандық спортшы бәрібір жеңісті жұлып алды.  Есеп 4:3.

Айя Алимбаева да Өзбекстан өкіліне қарсы ойнады. Спортшымыз сенімді ойын өткізіп, бес ойынның төртеуінде жеңімпаз атанды. Есеп 4:1.

Ширек финалда біздің спортшылар Ресей өкілдерімен кездеседі. Сарвиноз Миркадирова Екатерина Охотниковамен, ал Айя Алимбаева Дарья Шадринамен ойнайды.

Зәуреш Акашева да ширек финалға шығу үшін күресті. Өкінішке қарай Үндістан өкілі Прапти Сенге 4:2 есебімен есе жіберді.