31 Қаңтар, 2014

«Сарыарқа» – индустрияландыру тірегі

257 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Бұдан үш жыл бұрын Елба­сының Жарлығымен Қара­ғандыда құрылған «Са­рыарқа» арнайы эконо­ми­ка­лық аймағындағы жаңа кәсіпорындар алдының құ­рылысы аяқталып, бір­қа­та­рының биыл іске кірісе бастауы жақындап келеді. Жалпы, аумағы 500 гектар жерді қамтушы орында орналасқан өндірістер не­гізінен өңірге ең қажетті өнім­дерді өндіруге бағыт ұста­ғалы отыр. 01-гофрированые_трубы   Бұл АЭА басқарма төрағасы Әлен Ысқақовтың айтуынша, мұнда қызметтерін құру үшін әзірге тіркелген 33 қатысушы өз жобаларын іске асыруға 3 млрд. теңге салса, қатарларын толықтыруға ұмтылушылар тағы табылып жатқан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіптік базалық саласы мықты облыстың арнайы бөлінген, жұмысты ұйымдастырып, дамытуға барынша жағдай жасалған аймағы, әсіресе, шетелдік ірі компанияларды қызықтыра түсуде екен. Алдағы алты жылда 300 млрд. теңге инвестиция­ тартылуға тиістілігі соны көрсетеді. 8 мыңға тарта адамның еңбектенуге мүмкіндігі боса-болмасын қара­ғандылықтардың біразы күткен қуанышты оқиға. Соған орай бұрын аты да естіліп көрмеген жаңа мамандықтар меңгеріп, алғашқы еңбеккерлері атануға тілек білдірушілер аз емес. Сон­дықтан таңдаулыларын қабыл­дау қоса жүргізілудегі ша­ралардың бірі. Мұның өзі заман талап-талғамына сай сапалық деңгейі жоғары кадрларды қалыптастыруға жол ашып отыр. Сонымен, қаланың Бұқар жы­рау ауданымен шектес­ тұ­сындағы бұған дейін бос жат­қан бөлігінде қандай кәсіп­орын­дар ірге көтермекші дегенде, бәрінің де ішкі және сырт­қы рынокта бәсекелестікке қабілетті, өтімділігі жоғары өнім­дер шығаруға бейімді құ­ры­лымдар болмақтығын атап өткен орынды. Мемлекет бас­шысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында экономика­ны­ әртараптандыру және оны­ шикізаттық емес жоғары техно­ло­гиялық жолға бағдарлау жөнінде алға қойған міндеттеріне байланысты олар соның бастауы тұрғысында үлкен өзгерістер жасайды. Аталған аймақ қанат қақ­қан­нан бері 4 зауыт салынып, 9-ының құрылысы биылғы жыл аяғына дейін бітпек. Ол индустриялық парк негізінде металлургияны және металл өңдеуді дамыту үшін құрылған болатын. Былтыр инфрақұрылым толығымен қалыптастырылды. Жылу, су желілері, электр, жол жүйелері тар­тылды. 13 компанияға жер телімдері берілді. Өз жобаларын іске асырушы кәсіпорындар бәрі шикізатты отандық өндіру­ші­лерден тұтынады. Электр қуаты еш делдалдардың араласуынсыз жергілікті негізгі көздерден тікелей жеткізіледі. Сол арқылы энергия қымбатшылығына ұрын­байды. Тұңғыш Президентіміздің жаңа Жолдауында «Көптеген болжамдар бойынша алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқым­ды серпілісі үшін мүмкін­дік­тер терезесі болмақ» деп көрсе­тілгендей, индустрияны инно­ва­циялық негізде құруды те­рең­детуге, тауарлы өндірісті қа­лыптастыруға, экспорттық әлеует­ті көтеруге алдымен біздің аймақ оңтайлы. Соны орындап, үлгі көрсетпек. Мұнда көптеген технологиялық жаңалықтар мен ғылыми жетістіктерді игеруге, серпінді жобаларды жасау мен іске асыруға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай осы саланы түбегейлі өзгертетіні дау­сыз,– дейді «Сарыарқа» АЭА кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тілеубек Дүйсебаев. Ол түсіндіргендей, «Са­ры­ар­қаның» басты ерекше­лі­гі мем­лекеттік үдемелі индус­трия­­лық-инновациялық даму бағ­дарламасының мақсаттарына сәйкес өңірде экономиканы әр­та­раптандырудың тәжірибелік алаң­қайы ретінде танылып, осы үдеріске көшбасшы болуға тиіс. Бұл дегеніміз не, мәселен, электронды және оптикалық зат­тар, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жылу сақтау қабілеті бар құбырлар, құрылысқа қажетті металл емес құрылғылар мен бұйымдар, теміржол вагондарын жөндеу, металл өңдеу, арматуралар, резинотехникалық және пластмасса жабдықтар, компрессорлар мен редуктор­лар, интерактивтік оқыту құрал­да­рын, қысқасы облыс қана емес, еліміз өңірлері өндірісінің мұқ­та­жын өтейтін сан алуан өнім түрлерін өндіру істің негізгі нысанасына айналады. Мұндағы зауыт­тардың халықаралық стан­дарттағы «ISO 9000» сапа­ сертификатымен жұмыс істеуі талап етіледі. Өйткені, қазақ­стандық тұтынушылар сұраны­сын қанағаттандырумен қатар, заттар мен жабдықтардың бір бө­лігін экспортқа шығару көзде­ле­ді. Бұған қолайлы резерв­тік мүмкіндіктер бар әрі ғылыми-техни­калық әлеует жақсы жағдай жасамақ. Бүгінде алғашқылардың бірі болып жұмысқа кіріскен «Бемер Арматура», «Изоплюс Центральная Азия», «Centraj Asia», «Лидос LTD» сияқты ЖШС-лер алғашқы эксклюзивті өнімдерін шығару үстінде.Таяу арада басқа да кәсіпорындар ашылып, «Сарыарқа» құлашы қеңейеді. Жалпы алғанда, отандық, шетелдік 53 компанияның қанаты астындағы өндірістердің бәрі іске қосылғанда жылына 246 млрд. теңгенің өнімі өндірілуге қол жеткізілмек. Бұл – облыстың өңірлік өнімінің тең жартысына жуығын құрайды деген сөз. Сөйтіп, күні кеше армандай көрінген мақсаттың бірі осылайша нақты іске асады. Бұл күнде асыра айтқандық емес, қыстың қиыншылығына қарамастан, осынау аймақ аума­ғында күннен-күнге бірінен соң бірі бой көтерген кәсіпорындар шоғыры шоқталып келеді. Бұ­лар ертеңдері өз алдына бөлек ин­дустриялық кешендер орталығы болғалы, алысқа танылғалы тұр. Әрқайсысы өндіретін өнімдер әртүрлі. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстанның ресурстарына, азық-түлігіне, индустрияландыру өнімдеріне сұраныс арта түсетіндігінің бір тірегі осы «Сарыарқа» боларына онда орын теуіп, жалынды істерге құлшынушы компаниялар сенімді. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.