Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

Талдықорғандық шенунікке 10 млн теңге айыппұл салынды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары К. Орманов (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғандық шенунікке 10 млн теңге айыппұл салынды

Облыстық ІМАД №1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Н. Айдабұловаға да (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге сомасында айыппұл салынды.

Олар «Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша бұрын 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жасалған аудиторлық тексеру қорытындысын азайтуға ықпал еткені үшін аудан әкімдігінің бір ММ басшысынан жалпы сомасы 1 млн теңге ақша алуда күдікті болған.