Әлем • 18 Қыркүйек, 2021

Тағы бір ел вакцина алған туристерге шекарасын ашады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чили билігі 1 қазаннан бастап вакцинацияланған туристерге шекараны ашуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Тағы бір ел вакцина алған туристерге шекарасын ашады

«Хабар 24» таратқан ақпаратқа сәйкес, саяхатшылар Чилиге жеткен соң міндетті түрде бес күндік карантинде болуы керек. Екі апта бойы орналасқан жері мен денсаулық жағдайы туралы мәлімет берәп отыруға тиіс.

Сонымен қатар, Чилиге кіру үшін туристер арнайы электронды портал арқылы алдын ала екпе сертификатының келісімін алады. Мәліметтерді тексеру процесі бір айға дейін созылуы мүмкін.

«Чилиде шетелдік туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. Олар сонымен қатар ПТР сынағы және міндетті карантин сияқты денсаулық қауіпсіздігінің барлық талабына бағынады. Осыған байланысты біз бүкіл әлемнен саяхатшылардың үлкен ағынын күтеміз», деп мәлімдеді көлік және коммуникация министрі Глория Утт.