Спорт • 18 Қыркүйек, 2021

Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды

Пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды. 

Сондай-ақ, аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Осы бағдарлама бойынша Ольга Аксенова мен Валерий Рахымжан қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Соңғы жаңалықтар