Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2021

Алматының екі миллионыншы тұрғынына пәтер берілді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынына жаңа пәтердің кілтін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Алматының екі миллионыншы тұрғынына пәтер берілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Алматының екі миллионыншы тұрғыны -  2021 жылы 21 маусымда дүниеге келген Аяла Жамбыл.

Қала күніне арналған жиында әкім Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырып, отбасына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.