31 Қаңтар, 2014

Жолдауға – қолдау

971 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

p8kiwsp22hc8o4wgw4wcҚазақстан қазір әлемге таныла бастады. Қазақ елі өткен 22 жыл­да қыруар іс тындырды. Әсем Ас­тана салды, халық саны жылдан-жыл­ға көбеюде. Қысқасы, біз үлгі­лі дамудың өзіндік моделін қалып­тас­тырдық. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі күнге сеніммен қарайды.

Биылғы Жолдаудың әрбір сөзі, әрбір сөйлемі, елдік мұрағаттарға жауап береді. Орта және шағын бизнесті дамыту, білім, ғылым, ден­саулық сақтау саласын ілгері дамыту – ел болашағының кепілі.

БАБАЛАР АРМАНЫ ЕДІ

Қазақстан қазір әлемге таныла бастады. Қазақ елі өткен 22 жыл­да қыруар іс тындырды. Әсем Ас­тана салды, халық саны жылдан-жыл­ға көбеюде. Қысқасы, біз үлгі­лі дамудың өзіндік моделін қалып­тас­тырдық. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі күнге сеніммен қарайды.

Биылғы Жолдаудың әрбір сөзі, әрбір сөйлемі, елдік мұрағаттарға жауап береді. Орта және шағын бизнесті дамыту, білім, ғылым, ден­саулық сақтау саласын ілгері дамыту – ел болашағының кепілі.

Бір қуаныштысы – Мәңгілік Ел – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы. Индустрияны ғылыми негізде дамыту, еңбеккерлердің әл-ау­қатын арттыру арқылы жар­қын болашаққа нық қадам жасай­мыз. Міне, Жолдаудағы басты қа­ғида осы бағытқа арналған.

Сыр өңірі ауыл шаруашылығы қазба байлықтары жағынан кем емес өңір. Сондықтан аграрлық секторды дамытуға, өндірісті дамытуға күш жұмылдыруымыз керек.

Бүгінгі ұрпақ – мәңгілік Қазақ­стан елінің перзенті, Қазақ елінің ендігі идеясы – Мәңгілік Ел!

Біз ендігі жерде жұмылған жұдырықтай бірлікпен еңбек етіп, өнімнің сапасын әлемдік стандартқа жеткізуіміз керек.

Бәріне шүкір дейікші, бар-жо­ғы 22 жылда Астана тұрғыздық, енді алдағы жылдарда қала халқы миллионға жуық­тайды. Әлем осынау бой көтерген Астана ғимарат­тарына таңырқайды. Арғымақтардың аяғы жетпейтін алыс-жақын шетелдерде мыңдаған қазақ жастары білім алуға жол ашты. Ұшқыр қиял көкке қарай самғап барады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы нұрлы болашақтың бағдаршамын айқындап бергені ақиқат. Рас, мәң­гілік ел болу – өз қолымызда. Тек бір­лік, ынтымақ, Отанға деген патрио­тизм бізді биік шыңдарға талмай жеткізеді.

Әбдіғаппар ӘМІРҒАЛИҰЛЫ,

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығыАҚ

Қызылорда филиалының директоры,

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

ҚЫЗЫЛОРДА.

 

БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын тыңдап, өзім жұмыс атқаратын Соколов-Сарыбай тау- кен байыту бірлестігіне қарасты «Соколов» жерасты кенішіндегі әріптестеріммен бірге ой бөлісіп, талқылап шықтық. Біздің шахтерлер қауымы ел дамуының әрбір же­тістігіне үлес қосып, халық игі­лігі үшін аянбай тер төгеді. Оның үстіне Елбасымыздың өз ең­бек жолын металлург болып бас­та­ғаны да жігерімізге жігер қосады. Президент өз Жолдауында «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», деп бар мақсатты бір ауыз сөзге сыйғызып айтты.

Біз елімізге деген еңбегімізді аямаймыз. Отбасындағы балаларымыз оқып білім алып, тәлім мен тәрбие терсе, адалдық пен адами құндылықтарды құнттай білсе, елім, жерім деп қызмет атқарса – алдыңғы қатардағы отыз мемлекеттің орта­сынан орын алу орындалатын мақ­сат. «Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қа­райды. Бүгінде Отанымыздың же­тіс­тіктері – әрбір азаматтың ұлт­тық мақтанышы. Күшті, қуатты мем­лекеттер ғана ұзақмерзімдік жос­парлаумен, тұрақты экономи­калық өсумен айналысады. «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегі­міз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үл­кен емтихан. Стратегияны мүл­тіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!», деген Нұр­сұлтан Әбішұлының сөздері әрқай­сы­мыздың жүрегімізден орын алып, ел мүддесіне қызмет жасауға бағыт береді. Кезінде «Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай, Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай» деп Абай атамыз жастарға үміт артса, енді Елбасымыз жыл сайын жол көрсетіп, Жолдау арнап отырады. Бұл – Мәңгілік Ел идеясын осы күннен бастап жүзеге асыратын жастарды бақытты болашаққа бастайтын баспалдақ, жарығы мол шамшырақ, көрсетілген қолдау деп білемін.

Бейбіт НҰРҒАЗИН,

«Соколовская»

шахтасының үңгушісі.

Қостанай облысы.

 

БІРЛІК – БЕРЕКЕ КЕПІЛІ

Елбасы жыл сайынғы Жол­дауында құқық қорғау саласының жұмысына үлкен мән беріп, бағыт-бағдар сілтеп отырады. Биылғы Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құл­қымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс», деп осы сала қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Өзім қызмет ететін Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінде бүгінде 124 қызметкер жұмыс істейді. Бірнеше ұлт өкілдерінен құралған біздің жеке құрам өте тату-тәтті, ынтымақ, бірлікте еңбек етіп келеді.

«Ордабасы – ел жүрегі, жер кін­дігі», деп Елбасымыз Н.Назар­баев өте дәл тауып айтқан. Баба­ларымыз аңсаған бірлік пен тату­лықты бүгінде Ордабасы ауда­нының халқы ту етіп ұстап, бере­келі де мерекелі тіршілігімен паш етіп отыр. Ұлттық бірлік, бей­біт­шілік пен келісім осы киелі өңір­де мәңгілікке орын тепкен. «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын жүзе­ге асырудың тиімді жолдарын жіліктеп берген бұл Жолдаудағы жұрт­тың рухын көтеретін «Мәң­гілік Ел» ұғымының орны ерекше. Ол осы стратегияның түп қазығы етіп алынып отыр. Өзара түсіністік пен бірліктің, тату тіршіліктің ар­қасында ғана бұл идеяның шаңы­рағы шай­қалмайды.

Сондай-ақ, маңызды міндеттер, түйінді тапсырмалар тізбектелген бұл Жолдау болашақтың бағдар­шамы іспеттес. Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі Жолдауда көр­се­тіл­ген жоспарларды жүзеге асы­руға өз үлестерін қосуға қашан­да әзір және тыңғылықты тірлік­тері­мен өз үлестерін қосып та келеді.

Әрине, қызметкерлерден сапа­лы жұмыс талап ету үшін олардың алаңсыз жұмыс істеуіне жақ­сы жағдай жасау керек. Елба­сымыздың біздің салаға қойып отырған басты талабы да осы. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұржан Тілеуовтің табандылығы арқасында өткен жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимаратымыз жөнделді. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, Шұбарсу, Қажымұқан, Төрткөл, Бадам, Қараспан, Шұбар ауыл­дарындағы тірек пункттеріне ғимараттар сатып алынды. Мате­риал­дық-техникалық базамызды жақсарту үшін облыстық ішкі істер департаменті тарапынан басқа да көптеген жұмыстар жасалуда.

Ендеше, Елбасымыздың «Қа­зақ­­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын бүкіл қазақстандықтарды жа­ңа белестерді бағындыруға жете­лейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат деуіміз керек.

Бақытжан МАХАНБЕТОВ,

Ордабасы аудандық ІІБ бастығының

орынбасары, полиция подполковнигі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.