Білім • 19 Қыркүйек, 2021

Зияткер ұрпақ зейін қойған Тәуелсіздік сабақтары

515 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еліміздегі 50 мыңға жуық жоғары сынып оқушысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Жасампаздық пен даму» атты Тәуелсіздік сабақтарына қосылды.

Зияткер ұрпақ зейін қойған Тәуелсіздік сабақтары

«30 жыл: Тәуелсіздік – ел тұ­ғыры» виртуалды телекөпірі NIS-пен көп жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан серіктес мектеп оқушыларының да басын қосты. Жиынға қатысушыларды біріктірген басты тақырып – Тә­уелсіз Қазақстанның жетістіктері және оқушылардың ел болашағы үшін жеке жауапкершілігі. Елор­дадағы физика-математика ба­ғытындағы NIS-те сабақ Елба­сының тәуелсіз Қазақстанды құру мен қалыптастырудағы миссия­сынан басталды. Жоғары сынып оқушылары алдағы отыз жылда өздерін қалай көретіні ту­ралы ұжымдық болжам жасады – өз елінің нағыз патриот­тары, бақытты және табысты мамандар. Алматыдағы химия-биология бағытындағы зият­керлік мектептің оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Кули­кеновамен бірге цифрлы ресурс­тар негізінде республиканың айтулы жетістіктерін талдады. Сабаққа қатысқан оңтүстік м­егаполистің жүздеген жоғары сынып оқушылары арасында №148 жалпы білім беретін мек­тептің 11-сынып оқушысы Дана Бе­делбекова сабақтың бір демде өткенін және рес­пуб­ликаның жетістіктерін сезінуге көмектескенін жеткізді.

– Сабақ барысында мені әлемдік көшбасшыларға, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бөлігі ерекше қызықтырды. Бе­делді саясаткерлер, мысалы Мар­гарэт Тэтчердің Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің қызметіне берген жоғары бағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бейбітшілікті сақ­тау ісіне жаһандық шешімдер ұсын­ған қазіргі заманғы ең мықты және ықпалды саясаткерлердің қатарына кіретінін тағы да дә­лелдейді, – дейді Алматыдағы №107 мектеп-лицейінің оқушысы Бекзат Ділдәбеков.

Ақтөбедегі зияткерлік мек­теп оқушылары Семей полиго­нының жабылуы және Еура­зиялық экономикалық одақтың құрылуы секілді атаулы оқиға­ларға SWOT-талдау жасады. Оқытушы Бибігүл Жакиева «Қа­зақстан тарихы» пәнінің миссия­сы – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, мемлекетті дамыту үшін жеке жауапкершілік қалыптастыратынын атап өтті. Абай, Балқаш, Жезқазған, Саран, Сәтбаев және басқа қалалар мен ауылдардың жүзге жуық жалпы білім беретін мектептері Қара­ғандыдағы NIS-тің Тәуелсіздік сабағына қатысты.

– Отыз жыл ішінде елімізде үлкен өзгеріс болды. Білім мен ғылым саласындағы табысты жо­балар – Назарбаев зият­кер­лік мектептері, Назарбаев Уни­верситет, «Болашақ» бағдар­ла­масын атап өту керек. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша Пенсильвания университетінде химия магистрі дәрежесін меңгеріп жатырмын. Бұл мүмкіндік те ел тәуелсіздігінің арқасы, – деді «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып жатқан химия пәнінің мұғалімі Инабат Хамитова.

Талдықорғанда ашық сабақтың басты тақырыбы – Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болды, оқушылар ЕурАзЭО-ның саяси, экономикалық, техноло­гиялық маңызын және әлеуметтік басымдықтарын талдады.

– Біз ұлттық экономикамыздың Жаһандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша өз идеяларымызды ұсындық, – дейді 12-сынып оқушысы Әмір Қуатұлы.

Оралда Тәуелсіздік мәнмәті­ніндегі әлемдік дін көшбас­шыларының съездері, сондай-ақ жаһандық конфессияаралық және мультимәдени диалогтің қалыптасуы басты тақырыпқа айналды. Оқушылардың өздері радикализмнің барлық көрініс­теріне тұрақты иммунитетті қа­лыптастыратын білімнің рөлін ерекше атап өтті.

Сарыағаш ауданы Төлеби орта мектебінің оқу­шысы Арай­лым Омарова Елбасының аза­маттық бейбітшілік пен ұлт­аралық келісімге бағыт­талған бас­тамаларының да ма­ңызы зор екенін айтты. Шым­кенттегі физика-математика ба­ғы­тындағы мектепке Оңтүстік Қазақстан облысының 60-тан астам жетекші мектебі қосылды.

Ақтауда тәуелсіздік құрдастары – химия пәнінің мұғалімі Венера Суровцева және география пәнінің мұғалімі Мирас Құрбанғалиев жастарға қолдау көрсету және жас­тар үшін атаулы бағдарламалар жасау сияқты мемлекеттік ба­сымдыққа оқушылардың назарын аударды. Семейдегі NIS-те Тә­уелсіздік сабағы Семей ядролық по­­лигонының жабылуына арналды.

– Биыл Нұрсұлтан Назарбаев­тың әлемді өзгерткен тарихи Жарлығына қол қойылғалы отыз жыл толды. Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – по­лигонды жабу. Сондықтан бұл оқиғаның сабағымыздың та­қырыбына айналғаны заңды, – деп атап өтті директордың орынбасары Лариса Әбілқасымова.

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы мектепте оқушылар Қазақстан Рес­публикасының бітімгершілік қызмет туралы заңын зерделеу үшін «Интеллект картасын» жасады. Қызылорда облысы Ж.Маханбетов ауылының №143 орта мектеп мұғалімі Индира Мұ­ханова NIS-тегі дәл осындай сабақтардың патриот болуға үйрететініне сенімді. «Ауыл мек­тебі» жобасының өкіл­дері – Катонқарағай және Ұлан аудан­дарындағы орта мектеп оқу­шы­лары мен мұғалімдері Тәуел­сіздік сабақтары күні Өске­мен­дегі NIS партасына «жай­ғас­ты».

Сабақтың басты қатысушылары арасында Назарбаев зияткерлік мектептерінде қызмет ететін Тәуелсіздік құрдастары бар. Өскемендік Назерке Жұмағазинова мен талдықорғандық Қайсар Нұрбек, астаналық NIS өкілі Әнел Әлібай мен Мөлдір Ахметбекова ел егемендігі тәуелсіздік ұрпақ­тарына өмірлік және кәсіби та­бысқа шексіз мүмкіндік аш­қанын айрықша атап өтті. Пав­лодардағы NIS-тің Тәуелсіздік сабағы Педагогикалық шеберлік орталығының қолдауымен облыстық «ERTIS» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов NIS оқушыларының ерекше жауапкершілігін атап өтті:

– Назарбаев зияткерлік мек­тебінде оқу – үлкен мәртебе. Тә­жірибелі мұғалімдерден білім алып, заманауи техникалық базаны игере отырып, еліміздің болашағы үшін жұмыс істейтін мықты буын болатындарыңыз сөзсіз, – деді шаһар басшысы.

Қытай Халық Республи­касынан Тәуелсіздік сабағына Desheng School International серіктестік мектебі қосылды, шетел­дік оқушылар Қазақстан­ның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысты. Тә­уелсіздік сабақтары Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Син­гапур, Малайзия, Түркия, Қытай, Армения, Өзбекстандағы шет­елдік NIS серіктес мектептері үшін де жоспарланғанын айта кеткен ләзім.