Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Өзбекстанда карантин жеңілдетілді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық арнайы комиссияның қаулысымен 20 қыркүйектен бастап Өзбекстанда ашық алаңдар мен жабық кешендерде іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz uza.uz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда карантин жеңілдетілді

«Арнайы комиссияның кезекті отырысында республикадағы карантиндік талаптарды жұмсарту арқылы тұрғындардың демалыс күндерін мазмұнды өткізуге және мәдени-рухани азық алуға қолайлы жағдайлар жасау мәселесі жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның 2021 жылдың 20 қыркүйегіндегі шешімі бойынша мәдени-сауық шаралары (театр, кино, концерт залдары), бұқаралық шаралар мен кездесулерді ашық алаңдар мен жабық кешендер де өткізуге рұқсат берілді», делінген хабарламада.

Мәдени, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар мен кездесулерді ұйымдастыруда келесі карантиндік шектеулер сақталады: Мәдени ойын-сауық нысандарының жұмысшылары мен қызметшілері және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушылар, қызмет көрсетушілер коронавирустық вакцинаның кемінде 2 дозасын (вакцинаның кез келгені) қабылдағаны бойынша QR-кодты сертификаты болуы тқажет;

Ойын-сауық орталықтарына келушілер; медициналық маскада болу; антисептиктерді қолдану; нысанға кіру кезінде дене температурасын өлшеу сияқты маңызды санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл ретте атаулы нысан аумағына (театр, кино, концерт залдары) және көпшілік жиналатын іс-шараларға коронавирусқа қарсы вакцинация туралы QR-код сертификаты бар келушілерді ғана кіргізу ұсынылды.