Спорт • 20 Қыркүйек, 2021

Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте регбиден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Қыздар командалары арасында өткен бәсекеде Қазақстан үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдені Өзбекстан командасымен сарапқа салды. Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Өзбекстаннан 14:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

БАӘ құрамасы топ жарып, құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ал финалда жеңілген Үндістан командасы екінші орынды қанағат тұтты.