Жақында облыстық телекоммуникациялар дирекциясының ғимаратында желілік басқару орталығы іске қосылды. Бұл орталық жергілікті желілік телекоммуникация қызметінің жағдайы мен басқару жұмыстарын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Еліміздегі телекоммуникация саласының сапалы дамуы жолындағы мәселелерді шешу желілік басқаруды жетілдірудің тиімді факторы болып есептеледі. Басқару үдерісі үздіксіз мониторинг, болжамдау, жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, апаттық дабыл кезінде шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдау тәрізді қызметтерді атқарады.
– Желілік басқару орталығы желілердің пайдалануға берілу кезінен бастап, жұмыс барысындағы үздіксіз қызметін қамтиды, – дейді облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы.
Еркін ӘБІЛ.
ҚЫЗЫЛОРДА.