Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Б.Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Б.Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы атыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қолдау білдірді. Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық тиісті көмек көрсетіліп, жан-жақты қолдау шаралары қабылданады. 

Еске сала кетсек, 20 қыркүйек күні Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.