Спорт • 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында үздік 20-ға енді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгия тас жолдарында велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионатының үздік 20 спортшысының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында үздік 20-ға енді

Жарыстың екінші күні 23 жасқа дейінгі велошабандоздар мен «Элита» санатындағы әйелдер стартқа шықты. Қазақстандықтар тек бір санатта: андерлар арасындағы жеке жарыста өнер көрсетті.

Қазақстанның 2021 жылғы чемпионы Евгений Федоров 20-шы болып келді. Игорь Чжан тізімде 37-ші орынға ілінді. Әлем чемпионы атағын Даниялық Йохан Прайс Пейтерсен алды.