Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021

Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.

«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.

Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып келді.