Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Алматыдағы «Барахолка» базары өртенді

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «барахолка» базарында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы «Барахолка» базары өртенді

21 қыркүйекте Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 34 «Қазына» базарына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алматы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

«Оқиға орнында бірнеше контейнерлердің жануы анықталды. Бірінші бөлімшені барлау барысында өрт сөндірушілер өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізуді ұйымдастырды, сол арқылы суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді», деп хабарлады ТЖД.

Оңтүстік және солтүстік жақтан жедел штаб пен екі жауынгерлік учаске құрылды. Жеке құрамнан 40-тан астам адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. ЖП күшімен жолды қоршау жүргізілді. Қабылданған шаралар арқылы, өрт 18 минут ішінде оқшауланды.