Бокс • 21 Қыркүйек, 2021

Данияр Елеусінов келесі кездесуін Нұр-Сұлтанда өткізеді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокс кеші 2021 жылдың 18 желтоқсанына жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияр Елеусінов келесі кездесуін Нұр-Сұлтанда өткізеді

Бұл жөнінде қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев хабарлады.

Данияр бұл жолы IBF Intercontinental белдігін қорғауы қажет. Бұған қоса, осы кеш аясында тағы бір жерлесіміз Иван Дычко да шаршы алаңға шығады.

«Үлкен шоу болады. Оны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймыз», деді менеджер.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов бірер ай бұрын Matchroom Boxing компаниясымен әріптестікті тоқтатты. Ал, ең соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізген болатын. Ол бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы аралық чемпион белдігін иемденді.