Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021

Пермьдегі атыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қыркүйекте 18 жастағы студент атыс шығарған Пермь мемлекеттік университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Олардың ешқайсы оқиға кезінде зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пермьдегі атыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстанның Бас консулдығының консулдық ауданы бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны Қазанда 5 мыңға жуық. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды», деді Қазақстан СІМ баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық студенттердің ешқайсы елшілікке жүгінбеген.

«Біздің ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», деп қосты баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде студент атыс шағарған. РИА Новости агенттігінің соңғы ақпараты бойынша, алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған.