Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Атыраудың бір бөлігі газдан ажыратылады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«109» бірыңғай байланыс орталығының қызметі хабарлағандай, Атырауда қалалық шағын аудандардың бір бөлігі табиғи газдан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудың бір бөлігі газдан ажыратылады

«Атырау» газ тарату станциясынан (ГТС-1) кейін жоғары қысымды газ құбырында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 қыркүйек сағат 08:00-ден 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің («Бұхар» жағы) тұтынушыларына газ беру уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

Газбен жабдықтау Элеватор ауданы, Привокзальный шағын ауданы, Алмагүл шағын ауданы, Подхоз, Елшібек, Бірінші учаске, СМП-136 және СМП-163 тұрғын алаптары, сондай-ақ Мирный кентінен Дамба ауылына дейінгі тұрғын үй алаптарында уақытша тоқтатылады.