Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Адамзат тарихтағы ең үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр – Антониу Гутерриш

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адамзат тарихтағы ең үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр – Антониу Гутерриш

Ұйымның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде әлемнің 100-ден астам мемлекет басшылары мен делегация мүшелері бас қосты. Жиынға біздің еліміздің атынан Қазақстанның Сыртқы Істер Министрі әрі Премьер-министірдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған делегация өкілдері қатысуда.

76-шы сессияның тақырыбы климаттың өзгеруі, ковид пандемиясымен күрес және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуге арналып отыр. Сонымен қатар, биылғы жиында Ауғанстандағы жағдайға, ерекше назар аударылады деп күтілуде.

Ұйымның бас хатшысы Антониу Гуттериш өзінің кіріспе сөзінде «адамзат баласы тарихтағы ең үлкен дағдарысты бастан кешіп жатқанын» айтып, көмекке мұқтаж елдерге қол ұшын созуға шақырды.

«Жоғары мәртебелі қатысушылар! Дабыл қағатын уақыт келді. Адамзат бұрыс бағытта кетіп бара жатыр. Және біздің оянатын уақытымыз жетті. Қазіргі пандемия уақытында дамыған мемлекеттердің басым бөлігі вакциналанып үлгергенімен, африкалықтардың 90 проценті екпенің бірінші дозасын да ала алмай отыр. Ковидтен бөлек, түрлі елдердегі төңкерістер, саяси тартыстар мен климаттың өзгеруі, адам құқықтарының тапталуы сынды көптеген проблемалар бар. Және олар адамның қолымен жасалды. Демек оны шешу де қолымыздан келеді деген сөз. Қымбатты қатысушылар, аталған мәселелрді шешу үшін әрекетке көшетін уақыт келді», деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Айта кетейік, бірінші күнінің аясында Мұхтар Тілеуберді Литва, Сингапур, Аустрия, Сирия және Черногория елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесіп, бірқатар екіжақты келіссөз өткізді. Сонымен қатар, қыркүейктің 27-не дейін жалғасатын жиында еліміздің атынан бейне үндеу форматында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлейді деп күтілуде.