Исламабад - Лондон бағыты бойынша BA-260 рейсіндегі британдық авиакомпанияның экипажы ұшу кезінде Ташкенттегі әуежайға қонуға шешім қабылдаған.
AviaSpotter арнасында рейстің 83 жастағы жолаушысы өзін нашар сезінгені айтылады.
Ташкентке жеткенде жолаушы қайтыс болған. Рейс жолаушылары ұшақтан түсірілді. Олар әзірге Ташкент әуежайының аумағында.