Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021

Құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын жүйе іске қосылды

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғабидолла Әбдірахманов мәлім еткендей, Қазақстанда архивтік құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын жаңа ақпараттық жүйе енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын жүйе іске қосылды

«Осы уақытқа дейін мұрағатшы мамандығына жіті көңіл бөлінбей келді. Оның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан да назар аз аударылды. Қазір біз «Е-архив» жаңа ақпараттық жүйесін енгізудеміз. Оның негізінде барлық мемлекеттік органдардан деректер базасы және электрондық архивпен жұмыс істей алатын жоғары білікті IT-технологияларды меңгерген мамандардың жұмыс істеуі талап етіледі. Мемлекет басшысы Жолдауда архив қызметкерлерінің жалақысымен қоса біліктілігін де арттыруды міндеттеді. Жалпы архив жұмысын заманауи түрде ілгерілетудегі маңызды бағыттың бірі оны цифрлық форматқа ауыстыру. Яғни, барлық құжаттарды электронды форматта сақтауымыз қажет», деді Ғ. Әбдірахманов.

Сондай-ақ вице-министр Мемлекет басшысы шетелдегі елімізге қатысты архив құжаттарын зерттеуді тапсырғанын еске салды.

«Президенттің осы тапсырмасына сәйкес, арнайы кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында біздің мамандар шетелдік мұрағаттарға барып, ондағы құнды құжаттармен танысып жатыр», дейді ол.