Тәуелсіздік • 23 Қыркүйек, 2021

Үш онжылдықтың үлесі

283 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қазақстан деп аталар қара шаңы­рағымыз тәу етер Тәуел­сіздіктің 30 жылына қадам басты. Үш онжылдық тарихи өлшем бойынша аса ұзақ уақыт емес. Солай бола тұра, көзі ашық, көкірегі ояу отандастарымыз өткенге үңіліп, жылдар жылнамасын парақтаған са­йын жемісті жетістік барын аңғарар еді. Ең алдымен, егемендікке қол жеткізгелі бері ел еңсесін тіктеді. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қысқа мерзім аралығында әлеуметтік дамудың әлеуетті жолын таңдап алдық.

Үш онжылдықтың үлесі

Азаттықтың алғашқы жылдарында елімізде кедейлік пен жұмыссыздық белең алғаны белгілі. Мәселен, 1998 жылы ауыл халқының жартысына жуығының және қала тұрғындарының үштен бірінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен болды. Азаматтар арасындағы тең­сіздік тереңдей түсті. Мемлекеттік ресурс­тардың тапшылығынан әлеуметтік қор­ғауға жұмсалатын қаражат үштен бір­ге азайды. Әлеуметтік төлемдерді алу­шы­лардың саны кеміп, әлеуметтік жәр­дем­а­қылардың нақты мөлшері төмен­деді. Осы­лайша, 1998 жылға қарай зейнет­ақы­лар мен жәрдемақылар бойынша мемле­кеттің берешегі 36 млрд теңгеге жетті.

Алайда тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы күрделі кезеңдерде ел Үкіметі өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау және халықты әлеуметтік қолдау мәсе­ле­леріне қатысты уақытша шараларды қа­былдап қана қоймай, ұзақ мерзімді әлеу­меттік басымдықтарды қалып­тас­тыр­ды. Ата Заң Қазақстанды әлеу­меттік бағ­дарланған мемлекет ретінде жариялады.

 

Бәсекеге қабілетті мемлекеттің бәсі биік

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елі­міз­дің басты ұлттық идеясы саналатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бәсекеге қабілетті 50 елдің қата­рына кіру жөніндегі бастамасын іске асы­ра отырып, экономикалық өсім мен аза­мат­тардың өмір сүру сапасын, стандарт­тарын тұрақты арттыру арасындағы те­пе-теңдікке қол жеткізуге ерекше мән берілді. Мемлекет өз азаматтарына аса маңызды әлеуметтік игіліктердің жал­пыға ортақ қолжетімділігіне және оның қоғам­дық қолайлы сапасын қамтамасыз етуге арналған негізгі ең төменгі әлеуметтік стандарттарына кепілдік береді.

Біріншіден, бұл – адамның денсаулы­ғын сақтауы және оның өмірлік белсен­ділі­гін қамтамасыз етуі үшін қажет ең төмен­гі тұтыну себетінің құны негізінде анық­талатын ең төменгі күнкөріс дең­гейі. 2005 жылдан бастап ол базалық әлеу­меттік стандартпен бекітілді. Соның негізін­де тұрғындар жалақысының ең төмен­гі мөлшері, базалық зейнетақы төлем­дері және мүгедектігі, асыраушы­сынан айы­рылуы және жасына байла­нысты мемлекет­тік әлеуметтік жәрдемақылары айқындалады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің кө­ле­мі 1997 жылы 3 505 теңгені, 2005 жылы – 6 014 теңгені, 2021 жылы – 34 302 теңгені құрады. Соңғы жиырма жылда ол шамамен 10 есе өсті. Бұған қарап халықтың ең төменгі тұтыну шығын­дарының көлемі мен құрылымындағы нақты өзгерістерді айқындауға болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін ай­қындау әдістемесі 2006 жылы қайта қарал­ды. Нәтижесінде, ең төменгі күн­көріс деңгейінің құрылымында азық-түлік себетінің үлесі 70%-дан 60%-ға де­йін қысқарды және тиісінше азық-түлік саналмайтын тауарлар мен көр­сеті­летін қызметтердің үлесі 30%-дан 40%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ азық-түлік себетін­дегі тамақ өнімдерінің жиынтығы (20-дан 43 атауға дейін) екі есе ұлғайды. Нәтиже­сін­де, оның жан басына шаққандағы ор­­­та­­ша энергетикалық құн­дылығы 1 175-тен 2 175 ккал-ға де­йін жоғарылады. Сон­дай-ақ 2018 жыл­ғы 1 қаңтардан бас­тап ең тө­менгі күн­көріс деңгейінің азық-тү­лік санал­май­тын бөлігінің үлесі 40%-дан 45%-ға де­­йін ұлғайды. Бұл ретте азық-түлік себеті­­нің жан басына шаққан­дағы орташа энер­ге­тикалық құндылығы күні­не 2 175 ккал қалпында қалды.

Екіншіден, әлеуметтік кепілдік деп зей­нет жасындағы азаматтар үшін таға­йын­далатын базалық зейнетақы төле­мін айтуға болады. Сонымен қатар ынты­мақ­ты зейнетақы жүйесінде талап еті­летін жұмыс өтілі бар және зейнет­ақы­ны есептеуде табысы төмен азаматтар үшін белгіленетін азаматтың жасына бай­ланысты берілетін зейнетақы төлемі­­нің ең төменгі мөлшері де қарастырыл­­ған. Зейнетақы төлемінің ең төменгі мөл­­шері 1995 жылғы 300 теңгеден 2021 жылы 61 796 теңгеге дейін өсті (базалық зейнет­ақы төлемін ескере отырып) және биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі­нен 1,8 есе асып түсті.

Үшіншіден, елімізде әлеуметтік тәуе­келдер туындаған кезде азаматтарға мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бар.

Бастапқыда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері айлық есеп­тік көрсеткіштің еселенген мөл­шерінде айқындалды. Ал 2005 жылдан бастап бұл жәрдемақылар тұрмыс­тың нақты құнына, яғни ең төменгі күн­көріс деңгейінің мөлшеріне сәйкес бел­гі­ленетін болды. 1999 жылдан бас­тап 2020 жылға дейін мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылардың орташа мөл­шері азаматтың мүгедектігі бойынша 3 106 теңгеден 46 219 теңгеге дейін (неме­се 14,9 есеге), асыраушысынан айы­рылуы бойынша 4 250 теңгеден 39 169 теңгеге дейін (немесе 9,2 есеге) ұлғайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 2021 жылғы 1 мамырда мүгедектігі бойынша 49 150 теңгені, асыраушысынан айырылуы бойынша 40 653 теңгені құрады.

 

Ел ырысын еселеген еңбек қатынастары

Өтпелі кезеңде еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы ахуал асқынып тұрған еді. Жүздеген кәсіпорын­дардың жұмысы тоқтап қалды. Кейбірі қысқартылған режімде жұмыс істеді. Жап­пай жұмыссыздық аграрлық сек­тор­­дағы өндірістің құлдырауына әкел­ді. Жалақыға қатысты берешек өсті. Еңбек жағдайлары нашарлады. Жұмыс­шы­лар ешқандай жүйесіз жалдана бас­та­ды. Соның салдарынан олардың еңбек­ақысы да жүйесіз төленді. Мұның бәрі аза­мат­тардың еңбек қатынастары саласын­дағы конституциялық құқықтарын заңды қорғау кепілдіктерінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Тіпті жаппай наразылық акциялары орын ала бастады.

Жағдай қолданыстағы заңнаманы шұғыл қайта қарауды талап етті. Осыған бай­ланысты «Қазақстан Республика­сын­дағы еңбек туралы», «Ұжымдық шарт­тар туралы», «Кәсіподақтар туралы», «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» және басқа да заңнамалық актілердің тұтас топтамасы қабылданды.

Осылайша, еліміздегі еңбек қатынас­тары тұрақтала бастады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, әлеу­меттік әріптестікті дамыту үшін құ­қықтық база құрылды. Мемлекет азамат­тардың еңбек саласындағы негізгі құ­қықтары мен бостандықтарын сақтаушы кепілге айналды.

Республика кәсіпорындарындағы берешек жалақыны анықтау және өндіріп алуға қатысты мемлекеттік органдар қабылдайтын жүйелі шаралардың нәтижесінде мерзімі өткен (3 айдан астам уақыт) берешек сомасы 17 есеге қысқарды (2009 жылы – 4,6 млрд теңге, 2021 жылға – 268,1 млн теңге).

Осы жылдарда өңірлердегі мемлекет­тік еңбек инспекциясының құқықтық ден қою шаралары негізінде 137,4 мың­нан астам тексеру жүргізіліп, соның қорытындылары бойынша 550 мыңнан астам жұмыскердің құқы қорғалды. Оларға тиесілі жалақы сомасының шамамен 62 млрд теңгесі төленді.

Кейінгі жылдары елімізде өндірістік жарақат алу оқиғаларының саны төмендеп келеді. Яғни осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың оң динамикасы бар деген сөз. Егер 2008 жылы өндірісте 2 444 адам зардап шеккен болса, 2020 жылға қарай зардап шеккендердің саны 38,5%-ға төмендеп, 1 503 адамды құрады. 2008 жылдан бастап 2020 жылға дейін өлімге алып келген өндірістік жарақаттардың саны 48,5%-ға төмендеді (404 адамнан 208 адамға дейін).

Соңғы жылдары әлеуметтік диалогты дамытудың маңызды қадамдары «Ұжымдық шарт жасаңыздар» респуб­ликалық акциясын іске асырумен сабақ­тас болды. 2020 жылы ұжымдық шарттар жүйесімен 145,3 мың кәсіпорын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 48,3%-ы қамтылды. Бүгінде ірі және орта кәсіпорындардың 97,1%-ында ұжымдық шарттар бар.

2007 жылы елімізде Еңбек кодексі қабылданды. Оның негізгі мақсаты – еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуін қам­тамасыз ету, еңбек қатынасындағы тарап­тардың мүдде теңгеріміне қол жет­кізу, экономикалық орындылықты қыз­мет­керлердің еңбек және әлеуметтік құқық­тарын қорғаумен ұштастыру саналады.

Еңбек кодексінің талаптарын іске асыру, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайлары құқығын қоса ала отырып, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау­ды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік еңбек инспекциясы бірқатар маңызды қызметті атқарып келеді. Мәселен, аталған инспекция отандастарымыз қызмет етіп жатқан ұйымдарда еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты тиісті тексерулер жүргізеді. Яғни жүйе­лі мемлекеттік бақылау жүргізеді. Ұйым­дарға орындалуға тиіс міндетті нұсқа­малар береді. Сондай-ақ кінәлі адамдарды Қазақстанның заңнамасына сәйкес жауапқа тартады.

 

Жұмыла білген жұмыссыздықты жеңеді

1991 жылы КСРО ыдыраған тұс­та шаруашылық және экономикалық бай­ланыстардың үзілуі Қазақстан­ның еңбек нарығына да теріс әсер етті. 90-жылдары еңбек нарығындағы жағдай халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуімен, жұмыссыздықтың өсуімен және оның республика өңірлері бойынша одан әрі жіктелуімен, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңгерімсіздіктің өсуімен, «жасырын» жұмыссыздық ауқымының ұлғаюымен, сондай-ақ бейресми жұмыспен қамтудың кеңеюімен сипатталды.

Жалдамалы жұмысшылардың саны 1991 жылы 7,4 млн адамнан 2001 жылы 3,9 млн адамға дейін төмендеді. Ел­дегі жұмыссыздардың ең көп саны 1996 жылы тіркеліп, 970,6 мың адамға жетті. 1999 жылдың соңына қарай жалпы жұмыс­сыздық деңгейі 13,5%-ды құрады. Еңбек нарығындағы бұл теріс өзгерістер өндірістің құлдырауымен, қолайсыз демографиялық тенденциялардың белең алуымен және халықтың шекара асып, көшіп-қонуымен байланысты болды. Білікті мамандардың, жұмысшылардың кете бастауы елдегі еңбек әлеуетінің жай-күйіне теріс әсерін тигізді. Соған қарамастан, жұмыспен қамтылған халық саны 1991 жылғы 7,7 млн адамнан 2021 жылғы бірінші тоқсанда 8,8 млн адамға дейін ұлғайды. Ал жұмыссыздық деңгейі болса, 1999 жылғы 13,5%-дан 2021 жылдың бірінші тоқсанында 4,9%-ға дейін төмендеді.