Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалау кеңсесі мен Ақмола облысының әкімдігі бірлесіп, «НКВД ГУЛАГ-ының лагерьлерінде құрбан болған және зардап шеккен қазақстандықтар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша материалдар жинау тәжірибесімен алмасу туралы» семинар өткізді.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен байланысқа шыққан жұмыс топтарының өкілдері осы тақырыпқа қатысты өз ақпаратын бөлісіп, тәжірибесін ортаға салды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі, Жобалық кеңсе басшысы Сабыр Қасымов өз сөзінде бүгінге дейін әлі талай лагерьдің жұмбағы шешілмегенін айтып өтті.
«Қай қоғамда да адам өмірі қымбат. Ал дәл осындай лагерьлер Сталиннің болмысынан хабар береді. Бұл әрекеті демократиялық қоғамда қабылданбай, үлкен сынға ұшырады. Арнайы лагерьлер, НКВД лагерьлері, Сталинше айтқанда, еңбекпен түзету лагерьлері – большевиктік-сталиндік репрессия саясатының көрінісі. Бұрынғы КСРО кезінде бұл лагерьлер республиканың барлық аймағында ашылған еді. Репрессия барлық аймақта жүргізіліп, барлық халыққа кесірін тигізді», деді ол.
Семинар жұмысында саяси-қуғын-сүргін кезеңінің лексикасында «тәркілеу» терминімен қатар «экспроприация» термині қолданылатыны аталып өтілді. Сөздіктерде осы ұғымның келесідей синонимдері бар: «тонау», «тартып алу», «алып қою», «қол сұғу». Дәл осы терминдер Қазақстан тұрғындарының бүкіл мүлкі тәркіленді дегенді сипаттауға жарайды.
Сонымен қатар Сабыр Қасымов зерттеушілер мен бүкіл қоғамды жалпы тақырыпты да, жекелеген фактілерді де саясиландыруға жол бермеуге шақырып: «Біз әр семинарымызда осындай нәубет жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы зардап шеккенін айтып келеміз. Сондықтан өзге халықтар мен мемлекеттерді айыптаудың, кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ», деді.
Одан кейін семинарды ұйымдастырушылардың бірі – Ақмола облысы әкімінің орынбасары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау бойынша өңірлік комиссияның төрағасы Айна Мысырәлімова сөз алды. Ол жұмыс топтарының зерттеу жұмыстарына тоқталып, 22 мемлекеттік архивтен құжаттар жинақталғанын хабарлады. Аймақтағы архивтердегі материалдарды зерттеу әлі де жалғасатынын айта келе, жұмыс топтарының тапқан жаңалықтарына тоқталып өтті.
Мемлекеттік комиссия жұмыс тобының мүшесі, VІІІ жұмыс тобының жетекшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова семинарға қатысушыларға ашық архивтермен қатар, жабық архивтерде де жұмыс істелу маңызды екенін айта келе, жұмыс тобының негізге алған барлық бағыты бойынша жұмыс істей алатынын жеткізді. Яғни құпия құжаттарды табу, ондағы мәліметпен танысу сияқты жұмыстар да қамтылу керектігін айтты. Сонымен қатар ол жұмыс істеуге қажет архивтер тізімін де ұсынды. Одан бөлек, Мемлекеттік архивте жұмыс істеу ретін де түсіндіріп өтті.
Ақмола өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің доценті Ақбота Бексейітова жұмыс тобы жүргізген экспедиция нәтижелеріне тоқталып, келешекте өңірлік жұмыс тобының карта жасау жоспарын хабарлады. Одан бөлек Ақмола облысының өзінде 19 тұрақ табылғанын мәлімдеді.
«Бізде қазір олардың алтауы жөнінде ақпарат бар», деп сталиндік лагерьлер туралы жалпы ақпарат берді.
Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, «Алжир» мемориалды-музей кешенінің директоры Самат Тергембаев архивтердегі жұмыс нәтижесінде лагерьлерге жіберілген әйелдердің тізімі жасалғанын хабарлады. Жалпы, 8 мыңға жуық әйел ГУЛАГ-қа жіберілгені анықталған. Оның айтуынша, бұл тізім әлі де жаңартылмақшы.
Батыс Қазақстан өңірлік тобының жетекшісі Альфия Байболсынова Оралдағы лагерьлерде 2 мыңнан 5 мыңға дейін адам ұсталғанын айта келе, олар, негізінен, 3 бағыт бойынша жұмыс істегені мәлім болғанын хабарлады.
Сабыр Қасымов әуелде Батыс Қазақстан облысында лагерьлер болмады деген хабар болғанын, тәжірибе мен ақпарат алмаса келе, тың ақпараттың жарыққа шыққанын айтты.
Алматы облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейіржан Мұсабаев аймақтағы тұтқындар үйі мен лагерьлерге тоқталып өтті. Оның айтқан мәліметіне сүйенсек, Алматы облысындағы «Алматы» оқшаулағышында 1932 жылы 1 732 тұтқын болған. Сол жылдың қазаны мен желтоқсан соңына дейін лагерьге күніне 50-150 адамнан әкелініп отырған. Одан бөлек Алматыдағы еңбекпен түзету үйі, Талдықорғандағы тұтқындар үйі сынды жазалау үйлеріне де тоқталып өтті. Жаркент түрмесін мемлекет меншігі ретінде белгілеп, ескерткіш қою туралы ұсыныс білдірді.
Павлодар облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, архив ісінің ардагері Қаншайым Мақажанова бір ғана Павлодар облысында қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат табуға болатын 50 қордың анықталғанын хабарлады. Тергеу жұмыстарын талдау барысында ату жазасы сияқты шешімдерді қабылдаған органдарды анықтау мүмкін болған. Ендігі кезекте жұмыс тобы жергілікті полицияның ведомстволық архивінде жұмыс жүргізетінін хабарлады.
Семинарға басқа да аймақтардан қосылған қатысушылар өз жұмыстарының нәтижесін таныстырып, жоспарларын ортаға салды. Мемлекеттік комиссия мүшелері тиісті ұсыныстарды қабылдаумен қатар, атқарылған жұмыстарға байланысты кейбір ескертулер де жасады.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар