Әлем • 23 Қыркүйек, 2021

Немістер сутегі көліктеріне басымдық береді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батарея қуаты бола­шақ­тың автокөлік техно­ло­­гиясына айналуы мүм­кін, бірақ сутегіні естен шығаруға болмайды.

 

Немістер сутегі көліктеріне басымдық береді

Кейбір ірі автокөлік өндірушілері, соның ішінде BMW (BMWG.DE) және Audi (VOWG_p.DE) қазба отыннан бас тартып, тоқпен жүретін көліктерге ба­сым­дық бермек. Сондай-ақ сутегі отынымен жү­ре­­тін жеңіл автокөліктердің прототиптерін жасап шы­ғарады.

Жаһандық автомобиль алыбына айналу – Гер­ма­нияның басты назарында. Соған байланысты қа­зір­дің өзінде климаттық мақсаттарға жету үшін болат пен химия секілді секторларда сутегі отынына ерек­ше мән беріп отыр.

BMW сутегімен жүретін көлік шы­ғару бойынша Германияда алдыңғы орында тұр. Компания авто­­мобиль өндірушілерінің арасында 2030 жылы жап­пай нарыққа шықпақ.

Сутегімен жүретін автокөлік бағ­дарламасын басқаратын BMW-ның вице-президенті Юрген Гульднер Reuters агенттігіне автоконцерн 2022 жылы 100-ге жуық машина шығаратынын айтқан.