2021 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі басталғаны белгілі. Алғашқы кезеңде декларацияны қағаз түрінде ұсыну мерзімі биылғы 15 шілдеде аяқталса, электронды нұсқадағысы 15 қыркүйекке дейін жалғасты. Бірақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылды.

Жалпыға бірдей декларациялау мәселесі еліміз егемендігін алғалы талай рет қозғалған. Бірақ «мұндай ауқымды шараны енгізуге дайын емеспіз» деген желеумен кейінге ысырыла берді. Тек 2015 жылдың қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданғаннан кейін ғана бірқатар жұмыс қолға алына бастады.
Декларациялаудың түп-төркініне үңілсек, бұл – мемлекеттік салық саясатын дұрыс жүргізуге, «көлеңкелі» экономикамен күресуге, жемқорлықтың жолын кесуге ықпал ететін ұтымды тәсіл. Шынымен әділ де адал жүргізілсе, декларациялау – ел қазынасына қомақты қаржы түсіретін тиімді жүйе болар еді. Табысы мен мүлкін жасырып, шетелге асырып жүрген талай бай-бағландарды, билік пен бизнесті қатар жүргізіп отырған лауазымды тұлғаларды анықтауға да мүмкіндік береді. Қысқасы, жалпыға бірдей декларациялау – жеке тұлғаның табыстары мен мүліктерін ашық жариялауы, оның негізгі мақсаты – «көлеңкелі» экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлықты азайту, ел қазынасына түсетін түсімдер мен салықтарды көбейту. Бұл мәселе Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асырудыӊ 100 қадамы Ұлт жоспарында да айқындалып, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан мемлекеттік қызметшілер үшін, одан әрі барлық қазақстандық үшін кірісті және шығысты жалпыға жариялауды кезең-кезеңімен енгізу болып нақты белгіленді.
Демек, жалпыға бірдей декларациялау бәрімізге де қатысты, яғни құжатты кәмелетке толған барлық азамат, қандастар және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, оларға тіркелген мүлік болған кезде кәмелетке толмаған балалар да, сондай-ақ ел аумағында мүлкі болған немесе Қазақстан Республикасынан салық салынбаған табысы бар шетелдіктер де тапсыруға міндетті. Онда табыс көрсеткіші, мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, бизнеске немесе кәсіпке қатысу үлесі және басқа да мәліметтер қамтылады. Ал тек айлықпен күн көріп отырғандар, зейнеткерлер, стипендия алатын студенттер декларация тапсыратын жылы пәтер немесе көлік секілді мүлік сатып алмаса немесе сатпаса, онда декларация тапсырмайды.
Сонымен, төрт кезең бойынша жүргізілетін декларация тапсыруды биыл алдымен мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары бастады.
«Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің декларациясын қағаз түрінде ұсыну мерзімі 2021 жылдың 15 шілдесінде аяқталса, электронды түрдегі декларацияны тапсыру 2021 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталды. Бұл мерзім декларацияны электронды түрде тапсыратындарды ынталандыру мақсатында белгіленгенін ескеру қажет. Биылғы тамыздың аяғына дейін декларация тапсыруға тиіс азаматтардың 99%-ы декларация тапсырып қойды. Яғни халықтың көп бөлігі декларацияны тапсырудың ең соңғы мерзімі 15 қыркүйек екеніне қарамастан, құжатты ерте өткізді. Бұл қазақстандықтардың белсенділігін, қолдауын көрсетеді», деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.
Мамандардың айтуынша, декларация тапсырудың алғашқы кезеңінің қорытындысы сараланып, оның талдамасы «көлеңкелі» экономикамен, жемқорлықпен күрестің неғұрлым тиімді тетігін құруға ықпал етпек.
«Декларация ұсынылғаннан кейін мемлекет онда көрсетілген кірістер мен әлеуметтік шығыстарға қолданылатын салық шегерімдері туралы ақпаратты қолдана отырып, толық талдау жасайды, халықтың жағдайын толыққанды көре алады. Талдау нәтижесі жан-жақты сараланғаннан кейін халықтың әлеуметтік осал топтары нақтыланады және бұл жүйе мемлекеттік қолдау саясатын реттеуге, өзгертуге көмектеседі. Сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялауға көшу мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге, лауазымды адамдардың заңсыз баюын тиімді бақылау есебінен көлеңкелі айналымды және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», деді А.Сартаева.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бізге берген мәліметі бойынша, жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады және бұл кезеңде мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелерін декларациялайды.
Үшінші кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Онда заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырады. Соңғы төртінші кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталып, халықтың қалған санаттары табыстары мен мүліктерін жариялайды. Осылайша, қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялауға толық көшеді.
А.Сартаеваның түсіндіруінше, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеуші электронды түрде – «Электронды үкімет» порталымен немесе салық төлеушіге арналған арнайы қосымшалар (e-Salyq Azamat, eGov mobile) арқылы тапсыра алады. Декларациялауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына немесе «1414» нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтындағы (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде толық ақпарат берілген.
Жалпы, декларациялау кезінде ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны уақтылы тапсырмаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мерзімінде тапсырмағандарға алдымен ескерту жасалады, осыдан кейін де нәтиже болмаса, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ал декларацияда табысын жасырып, бұрмалап көрсеткендерге де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алғашқы кезде ескерту жасалады. Ескерту жасалған бір жыл ішінде бұзушылық тағы қайталанса, онда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Ұқсас жаңалықтар