Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы БҒМ мәлімдеді.
Бұған дейін ҚР БҒМ жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы хабарлаған болатын. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді.
Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады. Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоо бас лицензиясынан айырылды. Сондай-ақ Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады.
Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады», деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Студенттер мен ата-аналарды және жұмыс берушілерді жоғары оқу орындары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуға шақырамыз.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар