Әлем • 23 Қыркүйек, 2021

Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея вакцина алмасады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея үкіметтері коронавирусқа қарсы 1 миллионнан астам вакцинаны алмастыруға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея вакцина алмасады

Ұлыбритания алдағы апталарда Кореяға Pfizer вакцинасының бірінші партиясын жібереді. Ал екінші аталған ел жыл соңына дейін сол көлемде вакцина қайтарады.

Бұл вакцина Ұлыбритания үшін әзірге аса қажет емес. Бірақ оларды Оңтүстік Кореяда тезірек қолдануға болады.

«Біз Оңтүстік Кореядағы достарымызбен тығыз жұмыс жасаймыз және бұл алмасу Ұлыбританияның вакцинациялау бағдарламасына әсер етпейді», деді Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.

Ұлыбритания үкіметі коронавирусқа байланысты жағдай ушығып кеткен жағдайда, дәлірек айтсақ, егер ауруға шалдығу қыс мезгіліне дейін төмендемесе «В жоспарына» көшеді.

«В жоспарына» сәйкес міндетті маска режимін енгізу, вакцинация паспорттарын тексеру, сондай-ақ қашықтан жұмыс режімін қалпына келтіру қарастырылады.