Әлем • 23 Қыркүйек, 2021

Иран мен Еуроодақ ядролық келіссөздерді жаңғыртуға ниетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Венада қолға алынған келіссөздерді тез арада жаңғырту керек. Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мен парсы елінің Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдолла-хиян мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Иран мен Еуроодақ ядролық келіссөздерді жаңғыртуға ниетті

Олар бұл пікірді Нью-Йоркте өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының алаңында айтты. Еуроодақ дипломатиясының басшысы ядролық бағдарламаға қатысты Австриядағы келіссөздерді қайта бастаудың аса маңызды екенін атап көрсеткен. Иранның Сыртқы істер министрі де жүздесуге дайын екенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, Венада сәуір айында Иран мен құрамына Ресей, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Франция кіретін халықаралық «бестіктің» арасында келіссөздер басталған болатын.